«МЕКТЕП-АТА-АНА-ОҚУШЫ» АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

«МЕКТЕП-АТА-АНА-ОҚУШЫ» АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, Бала құқықтарын қорғау мақсатында «Мектеп-ата-ана оқушы» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы болып өтті.Форумның мақсаты: Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың педагогикалық- психологиялық сауаттылығын арттыру және құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру, бала құқықтарын қорғау. Форумды білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаева ашып беріп, жүргізіп отырды. Форумда ата-аналарға, оқушыларға арналған бейнероликтер көрсетілді. Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Марат Айнабеков, Жетісай АПБ ЖПК бастығы Жомарт Ғаппаров баяндама жасады. Жиын барысында бөлім басшысы Ғазиза Әлібекқызы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, ата-аналардың қадағалауы, құқық қорғау орындарының инспекторлары және бөлімнің қызметкерлерімен бірге рейдтік шаралар ұйымдастыруды, алдағы жаз мезгілінде балалардың өмір қауіпсіздігін күшейтуге шақырды. Аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы болып Гүлнұр Ақылбаева бекітілді. Жиын соңында бала тәрбиесіне арналған Нұржан Сапарханұлы тренинг өткізіп, бала тәрбиесінің маңызды аспектілеріне тоқталды. Бөлімнің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Ибадуллаева Қарақас Зейдинқызы "Отбасындағы үйлесімділік" тақырыбында кең көлемді, терең мағыналы ой саларлық баяндама жасады. Форумға келген ата-аналар, ардагерлер, әкелер кеңесі, құқық қорғау орындарының қызметкерлері, мектеп басшылары бала тәрбиесінің өзектілігі жөнінде пікір алмасты.