Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті
2024 жылдың 18 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Айнабеков Марат Фаритұлының төрағалығымен Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (ары қарай – Комиссия) мүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, 2024 жылы өзіне-өзі қол жұмсаған және оқталған кәмелетке толмағандар және суйцидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайлы және 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктіліктің, аутодеструктивті жағдайдың, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Шукурбаева өзіне-өзі қол жұмсаған және оқталған кәмелетке толмағандар және суйцидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары жайлы баяндамасы тыңдалды.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкері Д.Жамшиевтің кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалып талқыланды. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірелерін ортаға салынып талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау деректерін азайту мақсатында ата-аналармен жаңа форматта кездесу ұйымдастырып, мектеп колледждің психологтары суйцид фактілерін болдырмау үшін балалармен жеке жұмыс жасауды күшейтуді, жеке кездесуді қызықты түрде ұйымдастыру жолдарын қарастыру туралы тапсырмалар берді.