КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2024 жылдың 19 наурызында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері «аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Бақылау барысында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қызметінің қалыпты жағдайда жүріп жатқандығына және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай (мүгедек жандарға автотұрақ белгілері, кіріп шығу пандусы, шақырту батырмасы) жасалғанына көз жеткізді.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тындап, келесідей кемшіліктерді анықтады.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қажетті техникамен толық қамтылмаған және интернет жылдамдығы төмен.

Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында күту орындарын қайта оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Айта кету қажет, аудан әкімдігі тарапынан алдағы кезеңде халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.