Жетісай ауданында «қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Жетісай ауданында «қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тапсырмасына сәйкес, «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында 2024 жылдың 15 наурызында Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №26 Жетісай қаласы әкімі аппараты ғимаратында, Жетісай ауданы әкімі аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлкеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.
Іс шараға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы бөлімі, Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жетісай аудандық Мансап орталығы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Жетісай аудандық әлеуметтік төлемдер орталығының мамандары қатысты.
Кеңсеге келуші азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелу мен жұмыспен қамтылу, жастар тәжірибесі, әлеуметтік көмектер және жәрдемақылар, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қызметтері бойынша консультациялық кеңестер берілді.