Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері Қарақай ауылдық округі әкімі аппараты мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қойылған арнайы шақырту батырмасы жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар, мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған, бірақ қажетті техникамен толық қамтылмаған. Кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Мемлекетік қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер талқыланды және ғимаратта қызмет алушыларға қолжетімді ақпараттар мен қағидалар ілінген көрнекіліктерді мерзімді жаңартып, қағидаға сәйкестендіріп отыру қажеттігі айтылды.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.