Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтеді. МӘЖБІРЛЕНДІ

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтеді. МӘЖБІРЛЕНДІ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
Зорлық-зомбылық – жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды Мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар. Жетісай аудандық полиция бөліміне немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторына немесе сенім телефондарына (6-70-20, 42-9-65, «102» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.
Жетісай ауданы ПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны ШАЛБЕКОВА ЖАННА ХАМИДҚЫЗЫ