Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау құралдары.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау құралдары.

«Қарапайым заттар экономикасы» (Басымдық берілген жобалардын есиелеу механизмі) бағдарламасы аясындағы 6%-дық жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зоркөмек.

Бұл бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайту және банк талапеткен кепіл зат жеткіліксіз болғанда – кепілдік беру қарастырылған.

Енді осы екі құралға жеке-жеке тоқталсақ:

 

СУБСИДИЯ. Бұл құралдың арқасында 15 пайыздық несиені 6 пайызға түсіре аласыз.

 

Бағдарлама бойынша субсидиялау шарттары:

Максимал сома: шектеужоқ

  • Мөлшерлемесі - 6% (15%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын субсидиялаудың нәтижесінде)

 

Несиемерзімі:

айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін

инвестицияға - 10 жылғадейін

 

КЕПІЛДІК. Банк талапеткен кепілзатсіз де жеткіліксіз болса – Қорнес иесомасының 50 пайызына дейін кепіл болады.

Кепілдік беру шарттары:

Максимал сома: 5 млрд теңгегедейін.

Кепілдікмөлшері:

3 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 50%,

5 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 30%.

Кепілдікмерзімі: несие мерзімінен аспайды

 

Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынанжәне Шымкент  қ. Қонаев даң.,95/1. Тел. +7 (7252) 99-70-49 алуғаболады.

«Даму» Қоры. Біздіңқолдауымыз – Сіздіңдамуыңыз!