ҚЫРКҮЙЕКТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіледі,оның қорытындысы  бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.

Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы №580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35жастан аспаған,жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар,сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.

Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы  ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.

Резервке алу үшін үміткерлер  келесі жүйелі кезеңдерден өтуі қажет,атап айтқанда:

  • күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (ең көп балл жинаған кандитаттардың 50%-ы)
  • тестілеуді верификациялау (1000 кандидаттан артық емес)
  • ситуациялық тапсырмаларды шешу (500 кандидаттан артық емес)
  • құзыретті бағалау ассессмент орталық (250 кандидаттан артық емес)
  • құзыреттерді бағалау құзыреттер бойынша сұхбат (125 кандидаттан артық емес)
  • сарапшылық комиссияда әңгімелесу (100 кандидаттан артық емес)
  • Қазақстан Республикасы Президенттің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы (65 кандидаттан артық емес)
  • Резервке (50 кандидатты қабылдау)

 

Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген  pkrezerv.gov.kz  цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Отанымыздың  одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз.