Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Асықата кенті, Ж.Ералиев, Жылысу, Атамекен ауылдық округтерінде 25 шілде 2021 ж. жұмыс жасайтын сайлау учаскелерінің төраға, төрайымы және хатшылармен өткізілген жиналыс туралы МӘЛІМЕТ

Жетісай қаласы                                                           2021 жылғы 21 шілде

Аудан әкімі аппаратының үлкен залы                      Сағат:16.00

Қатысқандар: Аудандық АСК мүшелері, Жетісай ауданы әкімі аппаратының аппарат басшысы Е.Алданиязов, БАҚ өкілдері.

Жиналысты ашып, жүргізіп отырған АСК төрағасы Қ.Темірбеков 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Асықата кенті, Жылысу, ауылдық округтері сайлауын әзірлеу мен өткізу барысындағы тоқталатын заң талаптарын қатаң сақтауды, өзге руға, ұлтқа бөлінбеу керектігін, қара пиармен айналыспауды, ел арасында татулық, ынтымақ сақталуы керектігін, оларды бұзғандарға заң талаптарына сәйкес шара қолданынлатынын баса айтып өтті. Сонымен қатар УСК мүшелеріне Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебіне тоқталды. Оларды бөліп беру УСК төрағасы атқарған еңбектеріне қарай хаттамалық шешіммен тағайындалатын да айтып өтті. Ауылдық округтердің сайлауын өткізу барысында 25 шілдеге дейін арнайы біліктіліктеріне тест тапсырмаларын және практикалық тапсырмаларды орындау міндетті екенін айтты.  АСК төрағасы Қ.Темірбековтың  Республиканың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 бұйрығының мазмұнымен таныстырып, сайлау процесінің барлық қатысушылары (УСК мүшелері, сайлаушылар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, БАҚ өкілдері) вакцина салдырмаса немесе ПЦР тесттен өтпесе, маскасыз болса, дауыс беру жайына кіргізілмейтінін, дауыс беруге келген сайлаушының температурасы 37.00- градустан асса, ол  оқшауланатынын, оған «жедел жәрдем» шақырылатынын түсіндірді. Ол сонымен қатар, сенім білдірілген адамдардың байқаушылардың, БАҚ өкілдерінің міндеттері туралы да айта кетті.

Қ.Темірбековке қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілген соң, жиналыс жабылды.