Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Асықата кенті, Ж.Ералиев, Жылысу, Атамекен ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттармен және олардың сенім білдірілген адамдарымен құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген жиналыс туралы МӘЛІМЕТ

Жетісай қаласы                                                           2021 жылғы 19 шілде

Аудандық мәдениет үйі                                              Сағат:10.00

Қатысқандар:Әкімдікке кандидаттар,Кандидаттардың сенім білдірілген адамдары,АСК мүшелері,Құқық қорғау органдарының өкілдері,БАҚ өкілдері.

Жиналысты ашып, жүргізіп отырған АСК төрағасы Қ.Темірбеков 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Асықата кенті, Жылысу, ауылдық округтері әкімдігіне ұсынылған кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары сайлауалды үгіт жұмыстарын бастап жібергендері туралы айта келіп, олардан заң талаптарын қатаң сақтауды, өзге кандидаттардың ар- намысына, іскерлік қабілеттігіне тиіспеу, руға, ұлтқа бөлінбеу керектігін, қара пиармен айналыспауды, ел арасында татулық, ынтымақ сақталуы керектігін, оларды бұзғандарға заң талаптарына сәйкес шара қолданынлатынын баса айтып, кандидаттарға табыс тіледі.АСК төрағасы Қ.Темірбековтың  Республиканың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 бұйрығының мазмұнымен таныстырып, сайлау процесінің барлық қатысушылары (УСК мүшелері, сайлаушылар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, БАҚ өкілдері) вакцина салдырмаса немесе ПЦР тесттен өтпесе, маскасыз болса, дауыс беру жайына кіргізілмейтінін, дауыс беруге келген сайлаушының температурасы 37.00- градустан асса, ол  оқшауланатынын, оған «жедел жәрдем» шақырылатынын түсіндірді. Ол сонымен қатар, сенім білдірілген адамдардың байқаушылардың, БАҚ өкілдерінің міндеттері туралы да айта кетті.

Қ.Темірбеков, АСК мүшесі Б.Бердіқұлов қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілген соң, жиналыс жабылды.