Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды.

Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды.

Бүгін біз сіздерге бұл жәрдемақыны қалай рәсімдеу керектігін айтып береміз.

Мұның 3 жолы бар:
• eGov.kz портал арқылы
қызметтің атауы - "жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау";
• ХҚО арқылы;
• халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қажетті құжаттар:
- жеке куәлік;
- жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
- төлемдер аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.