💬 Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында(МАБ) тіркелуі талап етіледі. Бұл базада тіркелу оп-оңай, әрі халыққа берер артықшылықтары көп! Мәссаған, сіз тіркелмегенсіз бе? Мақала біткенше дәлқазір тіркеліп кетіңіз:
1️⃣ Egov.kz порталына кіріңіз
2️⃣ Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз
3️⃣ Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз
4️⃣ Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
5️⃣ ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз
6️⃣ Сіз тіркелдіңіз! Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.