Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында өткізілген жәрмеңкеде ауданның 30-ға жуық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері ұсынған 20 тонна өнімнің 16 тоннасы базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатылды.
Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз және сүт өнімдері мен бал өнімдері сынды тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері жеткізілген.