МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов арнайы қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Күн тәртібіне енгізілген Жетісай аудандық мәслихатының «Жетісай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» және аудандық мәслихаттың «Жетісай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2022 жылғы 30 қарашадағы № 26-168-VII шешiмiне өзгеріс еңгізу туралы мәселелері бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов баяндама жасаса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №35-204-VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне енгізілетін өзгерістерге тоқталды.
Сонымен қатар, сессияға қатысушыларға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сакен Досымов Жетісай аудандық мәслихаты аппаратының ережесіне енгізілетін өзгерістер жайын баяндаса, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев 2026 жылғы 23 қыркүйекте №01-0077/26-ГП сараптаманың оң қорытынды алуына байланысты Жетісай қаласының бас жоспарына тиісті түзетулер енгізу жұмыстарын саралады.
Сессия барысында баяндамашыларға тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттер жайында сұрақтар қойылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру, инвестиция тарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, санитарлық тазалықты күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бағытында нақты ұсыныстар айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі