АУДАН ӘКІМІ АНЫҚТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ

АУДАН ӘКІМІ АНЫҚТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ
АУДАН ӘКІМІ АНЫҚТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ
 
Аудан тұрғындарының, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан аумағында қолданысқа беріліп жатқан заманауи спорт алаңшалары мен спорт кешендерінің жай-күйіне талдау жүргізген аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Ынтымақ ауылдық округінің Өркенді елді мекеніндегі стадионға арнайы барды.
 
2024 жылы қолданысқа берілген 500 орындық стадионда жүгіру жолы, жаттықтырушылар мен төрешілерге, медбикелерге арналған жеке кабинеттер, командаларға арналған киім ауыстыру мен жуыну, жаттығу бөлмелері, тіпті, салтанатты шараларды өткізуге арналған трибуна да қарастырылған.
 
Әйтсе де, нысанның көгалдандыру, суландыру, жарықтандыру жұмыстарында кемшіліктер орын алған. Тиісті бақылаудың болмауынан көрермендерге арналған орындықтардың бірқатары сынған, қираған.
 
Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты сала басшыларына ескерту жасаған аудан әкімі қысқа мерзім ішінде олқылықтарды жоюды тапсырды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі