ЕРКІН ФОРМАТТА ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ АЙТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен тұрғындардың хабардар болуын, билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін бірігіп талқылауға арналған Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың кезекті кездесуі Ж.Ералиев ауылдық округінде өтті.
Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының, құзырлы орган өкілдері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен жиында Ж.Ералиев ауылдық округін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу, ескірген электр бағаналарын жаңарту бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлу, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселелері баса айтылды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. Аудан басшысы алдағы жоспарлардың барысымен таныстырды.
Еркін форматта ашық ауа астында өткен жиыннан соң аудан басшысы жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Айтылған өтініштер мен ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде тапсырма берді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі