ЖҮЗДЕСУДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

ЖҮЗДЕСУДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ
ЖҮЗДЕСУДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ
 
Аудан әкімінің бекітілген кездесу кестесіне сәйкес кезекті жүздесу Ынтымақ ауылдық округінің тұрғындарымен жалғасты.
 
Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасарларымен қатар барлық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «ӘДІЛЕТ» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бағлан Ақтаев, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
 
Кездесуді тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап беруден бастаған аудан басшысы елді мекендер шегінде атқарылуы жоспарланған жұмыстардың барысымен таныстырып, бірқатарына жобалық-сметалық құжаттамалардың жасалып жатқанын, құжаттамалары біткен соң салалық басқармаларға ұсынылып бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.
 
Округ тұрғындары негізінен тік дренаждарды іске қосу, жол салу, тұрғын үй, ауыз су, жарықтандыру мен санитарлық тазалықтың сақталуы, каналдарды тазалау мен бетондау секілді мәселелерді көтерді.
 
Еркін форматта өткен кездесуде округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салалары сараланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берген Серік Үсенұлы жеке мәселелері бойынша азаматтарға қабылдау өткізді.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі