ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ – НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІНЕ БАСТАР ЖОЛ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жетісай ауданында тұрғындармен ашық әрі тікелей байланыс орнатуға бағытталған аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың кезекті есептік кездесу Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарының орындалу барысы нақтыланған кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «ӘДІЛЕТ» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес төрағасы, құзырлы органдардың өкілдері мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.
Тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тікелей аудан басшысына жеткізіп, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Серік Үсенұлы көтерілген мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып, олардың шешілу бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.
Бұқара мен билік арасындағы байланысты нығайтып, мәселелерді шешудің нақты жолдарын айқындауға мүмкіндік беретін жиын соңында жеке мәселелерімен келген азаматтарға қабылдау өткізді. Ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі