АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ АСЫҚАТА КЕНТІНЕН БАСТАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ АСЫҚАТА КЕНТІНЕН БАСТАЛДЫ
АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ АСЫҚАТА КЕНТІНЕН БАСТАЛДЫ
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен жоспарлы кездесуі Асықата кентінен басталды.
 
Ашық аспан астында, еркін форматта өткен кездесуде аудан әкімі дәстүрлі есеп беруден гөрі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдауға басымдық берді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді аудан әкімі өз бақылауына алатынын жеткізді.
 
Кездесуде кент тұрғындары негізінен тұрғын үй, инфрақұрылым, абаттандыру және тазалық мәселелерін көтеріп, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелердің өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетіні айтылды.
 
«Кездесуіміздің басты мақсаты – атқарылған жұмыстарды баяндау ғана емес, алдағы атқарылар істерді тұрғындармен бірге талқылап, ұсыныс-пікірлер мен өтініштердің шешімін табу.
Осындай ашық форматтағы кездесулер тұрғындардың өзекті мәселелерін тікелей жеткізуіне мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы. Сіздер тарапынан көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселелер өзектілігіне қарай шешімін табатын болады» деді Серік Үсенұлы.
 
Алдағы күндері аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері жалғасады. Кездесулер барысында халықты толғандырған өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, оларды шешуге бағытталған нақты тапсырмалар мен тиісті шаралар айқындалады.
 
Асықата кентіндегі тұрғындармен кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі