«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыру мақсатында
Жетісай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға Жетісай аудандық орталық ауруханасы, №9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі және Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтары тыңдалып, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларына қатысты мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен қажетті ақпараттар берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты, сенімділікті және өзара байланысты нығайту.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сауалдарына негізделген мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.