ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАП, МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАП, МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАП, МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
 
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарына кезекті қабылдауын өткізді.
 
Тұрғындардың көтерген мәселелеріне қатысты сала басшылары мен құзырлы орган өкілдері қатысқан қабылдауда келушілердің елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелері, санитарлық тазалық жұмыстары, құқықтық көмек көрсетуге қатысты өтініштері жан-жақты қаралып,
мәселелердің шешілу жолдары нақтыланды.
 
Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң аясында шешімін табатын мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы жауапты мамандарға жүктелді.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі