ӘДЕП ПЕН АДАЛДЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ

ӘДЕП ПЕН АДАЛДЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ
ӘДЕП ПЕН АДАЛДЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ
 
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыру, әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызметтің сапасы мен қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі.
 
Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын дәріптеу және мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
 
Аталған жұмыстар аясында Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп уәкілі Есенкелді Алданиязовтың төрағалығымен алқалы жиын өтті. Басқосуға қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, заңгерлері мен іс-қағаздарын жүргізуге жауапты мамандар қатысты.
 
Мәжіліс барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, олардың талаптарын күнделікті қызмет барысында дұрыс қолданудың маңыздылығы айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, азаматтармен қарым-қатынаста әдеп қағидаттарын сақтау мәселелеріне де назар аударылды.
 
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметтік әдеп талаптарын сақтауына бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.
 
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі