АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тұрғындарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, инфрақұрылымды дамыту, елді мекендердегі абаттандыру, әлеуметтік мәселелер мен өзге де маңызды бағыттарға қатысты ұсыныс-пікірлер жеткізді.
Аудан басшысы әрбір азаматтың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың заң аясында орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі айтты. Тиісті жұмыстардың жүргізілуі бақылауға қойылды. Тұрғындардың мәселесін тыңдап қана қоймай, оның шешімін табуға бағытталған нақты шараларды қабылдау маңызды екені атап өтілді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі