АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
 
Жетісай ауданындағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жоспарларды саралап, атқарылар жұмыстарды пысықтау мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.
 
Алдымен аудан аумағындағы заңсыз құрылыстардың жай-күйі қаралып, қолданыстағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді жою және құрылыс саласындағы тәртіпті күшейту мәселелеріне баса мән берілді.
 
Сонымен қатар, аудан басшысы жауапты сала басшыларына ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне әсер ететін мәселелерді алдын ала анықтауды, белгіленген жоспарлардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 
Аппарат мәжілісінде ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ұсынылатын жобалар да талқыланды. Бұған қоса, қала, кент және ауылдық округтерде өндірістік парктер құру арқылы жергілікті кәсіпкерлікті дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын көбейту мүмкіндіктері қарастырылды.
 
Күзгі жиын-терім науқанына дайындық барысы да назардан тыс қалған жоқ. Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру, қажетті техникалар мен инфрақұрылымның дайындығын пысықтау, шаруалардың мәселелерін жедел шешу қажеттігі айтылды.
 
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» бағдарламасының аудан көлемінде жүзеге асырылуы және тұрғын үй кезегіне қатысты жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының барысы қаралды. Аталған бағыттар бойынша атқарылған жұмыстармен қатар, әлі де шешімін күткен мәселелер сараланды.
 
Мәжіліс барысында аудан бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қосымша кіріс көздерін анықтау, бюджет түсімдерін арттыруға мүмкіндік беретін бағыттарды зерделеу және қолданыстағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
 
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, жұмыста орын алған кемшіліктерге аудан әкімі тарапынан нақты сын-ескертпелер айтылды. Серік Үсенұлы әрбір бағыт бойынша жұмысты жандандырып, белгіленген міндеттердің нәтижелі орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
 
Мәжіліс қорытындысымен бірқатар хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязовқа жүктелді.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі