АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, сала басшыларының есептері тыңдалды.
 
Нақтырақ айтар болсақ, мәжіліс барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязов құжат айналымының сапасы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдарының орындалу барысы туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштеріне уақытылы әрі сапалы жауап беру – мемлекеттік қызметтің басты міндеттерінің бірі екенін, жауапты мекемелерге бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
 
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал болды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Сұңғат Амангелдиев ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерден зардап шеккен алқаптарының жағдайына тоқталып, зиянкестердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, егістік алқаптарын бақылау, химиялық өңдеу жұмыстарын жүйелі жүргізу және шаруалармен тығыз байланыс орнату бағытындағы шаралар туралы кеңінен мәлімет берді.
 
Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев 2026 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың орындалу барысы мен ауданға инвестиция тарту бағытында қолға алынған жұмыстарды таныстырды. Мәжілісте жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытындағы жобалардың маңыздылығы айтылды.
 
Аппарат мәжілісінде күн тәртібіне енгізілген қосымша мәселелер де жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ұсынылған жобалардың жүзеге асырылуы, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, сондай-ақ, D және E санаттары бойынша электрондық еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарындағы сәйкессіздіктерді жою бағытындағы жұмыстар сараланды.
 
Жиынды қорытындылаған Серік Үсенұлы барлық сала басшыларына тапсырылған міндеттерді мерзімінде әрі сапалы орындауды тапсырып, халықпен кері байланысты күшейту, жүйелі жұмыс жүргізу және көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі