«ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

«ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
«ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
 
Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарынан құрылған уақытша депутаттық комиссия мүшелері Мырзашөл өңірі үшін маңызды «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
 
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері, мердігер мекеме мен жобалаушы мекеме өкілдерінің қатысуымен өткен жиында жобаның жүзеге асырылу барысы таныстырылып, тиісті ақпараттар айтылды.
 
Серік Үсенұлы мен облыстық мәслихат депутаттары аталған жобаның өңір үшін маңыздылығын, өңірдің логистикалық әлеуетінің артуына мүмкіндік беретінін айтып, халқы тығыз орналасқан қос ауданда көлік қозғалысында туындауы ықтимал мәселелер, аспалы көпір салу құрылысын екінші кезеңнен бірінші кезеңге ауыстыру туралы мәселелер талқыланды.
 
Кездесу соңында облыс депутаттары негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты қос аудан үшін шикізатты сыртқы нарыққа шығаруда тасымалдау шығындарын жеңілдетіп қана қоймай, жергілікті шаруалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндік беретін жобаның жүзеге асырылуын облыстық мәслихаттың сессиясында қосымша талқылауды ұйғарды.
 
«Теміржол бойында орналасқан шекаралас аудандардың ғана емес облыстың көлік-логистикалық әлеуетін күшейтуге бағытталған жоба кемшіліксіз болуы керек. Мемлекеттен бөлінетін әрбір қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау – ортақ міндетіміз» дейді халық қалаулылары.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі