Құрметті аудан тұрғындары!
Ардақты жерлестер!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айбыны, ұлт рухының асқақ белгісі. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – халқымыздың өткені мен бүгіні, жарқын болашағы арасындағы алтын көпір.
Бүгінде қасиетті Туымыз әлемдік ареналарда биіктен көрініп, Әнұранымыз халықаралық мінберлерде шырқалып келеді. Бұл – әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататын үлкен жетістік.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Елдік нышандарымызға деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сондықтан, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, әр отбасына тыныштық пен ырыс тілеймін! Еліміз аман, бірлігіміз бекем, туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі