Баршаңызды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен және «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен» шын жүректен құттықтаймын!
Жақынынан қапыда айырылу, азап көру және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті екендіктерін көрсетіп, қиындыққа төтеп берген, жеңіске жеткен ата-апаларымыз бен сүйікті Отанымыздың тыныштығын күзеткен азаматтарымыздың айтулы мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен ауданымызың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ ардагер аталарымыз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы айтулы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалады. Сонымен қатар, Жеңіс күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
1945 жылдың 9 мамыры жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, маңызды мерекелерінің бірі. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие.
Аға ұрпақ алып берген жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын, отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі