АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Аудан әкімдінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс 40-сессиясы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымовтың төрағалығымен өткен сессияның күн тәртібінде Жетісай ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту бойынша аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов, Жетісай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы №26-153-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Болат Тәжі, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбековтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сакен Досымов хабарлама жасады. Айтылған ұсыныстар талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Атқарылған жұмыстар зерделеніп, алдағы жоспарлар таныстырылды.
Сессия барысында депутаттар ауданның ауыл шаруашылығы саласы мен инфрақұрылымдарды жақсарту, медицина, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша да мәселелер көтеріп, сала басшыларына жұмыс сапасын арттыруды айтты.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі