ЖЕТЬІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖЕТЬІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жетьісай ауданы әкімдігі жанындағы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі 3-ші тоқсандағы комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі комиссия төрағасы Серік Үсенұлы төрағалық етті.

Комиссия отырысына құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлімдердің басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

          Күн  тәртібінде аудандық денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар,  аудандық білім беру сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстары баяндалды.

Жиын соңында аудан әкімі Серік Үсенұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүйелі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі