«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке және қоғамдық мәселелерімен қабылдады.

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке және қоғамдық мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері мен құзырлы орган өкілдері, денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі елді мекендердегі инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы, ветеринария, арық-атыздар мен ағын су каналдарының жай-күйі, баспана, атаулы әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік пен денсаулық сақтау салалпрындағы кейбір түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал ету бойынша өтініштерін айтты.
«Ауданның әрбір тұрғынының мәселелерін айтуына ешқандай да шектеу болмауы керек. Өйткені, жеке қабылдауларды елді мекендерде, қала мен кентте өткізуіміздің де басты мақсаты – мәселенің үстіне мәселе жамамай, дер кезінде шешу. Қолбайлау болған қиындықтарды жою» деген Серік Үсенұлы айтылған өтініштер мен қойылған сауалдардың ескерусіз қалмайтынын, ұсыныстарға байланысты нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Жауапты сала басшыларына тұрғындардың өтініштерін заң аясында қанағаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі