ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына орай 04.09.2025 жылы аудан әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке обьектінің паспорты, кадастр салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Қызмет алушылар күні» іс шарасы өтті.
Іс шараға Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастрі бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.
Іс шара барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, сала мамандары жауап берді.
Сонымен қатар, тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі бойынша әзірленген брошюралар таратылды.