КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылдың 9 шілдесінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Примбековтің төрағалығымен Жетісай ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Бірінші Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе ауылы тұрғынының мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы А.Жақыпова атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Екінші мәселе Жаңа ауыл а/о, Атақоныс ауылы тұрғыны кәмелет жасқа толмаған У.Б. Оңтүстік Корея Республикасына жұмысқа кетуі бойынша аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Нурасаров сөз етті. Сонымен қатар, Б.Нурасаров А.Яссауи атындағы №22 мектептің 8 сынып оқушысы Ж.М мен «Тау гүлі» жазғы сауықтыру лагеріндегі тәрбиеші арасында орын алған құқықбұзушылық бойынша айтып өтті.
Жетісай аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Р.Жұмабаева мен Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.Мамадалиев 2025 жылдың 6 айы бойынша кәмелетке толмағандар арасында ауданда орын алған ерте жүктіліктің деректеріне кешенді талдау нәтижесі және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды сөз етті.
Ал күн тәртібіне қойылған соңғы мәселені Жетісай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Д.Сапархан 2025 жылдың 6 айы бойынша кәмелетке толмағандардың арасындағы суға шомылу кезінде келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Комиссия мүшелерімен күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, Комиссия төрағасы әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар берді.