Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қаулысы
№70 7 тамыз 2024 жыл
Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1- бабына сәйкес, Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалған Ынтымақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- 3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Сериков
Жетісай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Д.Сейдикеримова