Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 22 шешімі

Жетісай ауданының Атамекен

ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1-бабына сәйкес Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Атамекен ауылдық округі әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Атамекен ауылдық округ әкімінің сайлауы 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалсын.

 

  1. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 28 наурызынан басталсын.

 

  1. 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған Атамекен ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы шешім аудан әкімдігінің ресми интернет- ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

           Жетісай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                          Б.Серіков

 

 

Комиссия хатшысы                                    Д.Сейдикеримова

Дата публикации
27 марта 2024