ХАБАРЛАНДЫРУ!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау кестесіне сәйкес, Жетісай ауданының атқарушы бөлімдерінде, сондай-ақ қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында 2026 жылғы 14 мамыр мен 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, ауданның атқарушы бөлімдері мен қала, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдарыңыз немесе ұсыныс-пікірлеріңіз болған жағдайда, Сізді 2026 жылғы 18 маусым күні сағат 16:00-де өтетін ішкі талдау қорытындысының алдын ала нұсқасын талқылау жөніндегі жиынға қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №20, «Жетісай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы (1-қабат).
Байланыс телефоны: +7 775 885 47 29
Электрондық пошта: zhetisay_zan@mail.ru