ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ МӘЖІЛІС.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ МӘЖІЛІС.

29.01.2026 жылы Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Е.Жәнібековтың төрағалығымен облыстағы ветеринария саласында сыбайлас жемқоралық тәуекелдерін жою және алдын алу мәселелері туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске басқарма қызметшілері, ТО «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қызметшілері, аудан, қала филиалы басшылары мен мамандары қатысты.

Мәжіліс барысында басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық себептерін жою, алдын алу және салдары туралы егжей тегжейлі баяндады.

Сонымен қатар, 2025 жылы атқарылған ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы туралы тыңдау өткізіп, 2026 жылы атқарылатын ветеринариялық іс-шаралардың барысы туралы тиісті тапсырмалар берді.

Сілтеме видео https://www.facebook.com/share/r/1GNnhuc7Z6/?mibextid=wwXIfr