
Биыл бюджеттен 720 млн теңге бөлініп, 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді нысан салынып жатыр. Жатын жай, жуыну бөлмелері, асхана нысандары жеңіл конструкциямен құрастырылуда. Бассейн салынуда. Осылайша 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдай жасалады. Нәтижесінде мемлекеттік 10 лагерлерде 23 838 бала қамтылады. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 608 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.