БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 159 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕД

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 159 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕД
✔️
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда.
✔️Қазіргі таңда қала аумағындағы Әл-Фараби және М.Тынышқұлов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Яссы және Шауғар тұрғын алаптарындағы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
✔️Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 433,49 шақырымға жетіп, бұл 51,3 пайыздық көрсеткішті құрап отыр.
✔️2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, 2 жол нысанын қайта құру, 2 жаяу жүргіншілер көпірін салу, сондай-ақ 45 000 шаршы метр аумақта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.
✔️Аталған іс-шаралар толық көлемде жүзеге асқан жағдайда, қалаішілік жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 67 пайызға дейін артады деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-----------------