
Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды. Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын ендіру жыл басынан бері 11,3 мың гектарды құрады. Сондай-ақ, биыл 4,5 мың гектарды жаңбырлатып суғару әдісіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл әдістің экономикалық тиімділігі – ағын су шығынын 2 есеге кемітіп, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологиясы жұмыс күшінің үлесін азайтады. Нұрбол Тұрашбеков бұл бағыттағы жұмысты ширатуды, көзделген межені бағындыруға күш салуды тапсырды.