ТҮЛКІБАС: НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 34 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСЫП ОТЫР

ТҮЛКІБАС: НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 34 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСЫП ОТЫР
Өткен жылдың қорытындысымен ауданда негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 34 млрд.398 млн.теңгеге жетіп, жоспарлы орындалуы 147,46 пайызды құраса, өнеркәсіп өнім көлемі 18 млрд. 191 млн.теңгені құрады.
Өндеу өнеркәсібінің көлемі 9 млрд.теңгеден асса, ауданға бекітілген меже артығымен орындалып, туристтердің келу көрсеткіші 15 мыңнан асып отыр.
Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Аскар Естибаевтың төрағалығымен өткен апталық жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қалымжан Егембердиев мәлімдеді.
«Жауапты бөлімдер мен округ, кент әкімдеріне ағымдағы жылға бекітіліп жатқан негізгі экономикалық көрсеткіштердің мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырамын. Негізгі межелердің орындалуы жыл ішінде кезеңдерге жоспарға қойылып, ай сайын лездемелік мәжілісте қаралатын болады. Сонымен қоса, ауданымыздың кіріс көзін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарып, инвестиция тарту арқылы салық түсімдерін арттырып, түскен қаржыға ауыл-аймақты дамытуға басымдық беріледі»-деді, Асқар Сұлтанұлы.
Басты экономикалық көрсеткіштерді орындамаған тиісті бөлім мен ауыл кент әкімдеріне сын-ескертпе жасап, тиісті міндеттер жүктеді.
Апталық мәжілістің күн тәртібінде қосымша қызыл сызыққа шыққан нысандармен жұмыс атқару, ретсіз сауданы ретке келтіру мәселесі қаралды.
Жалпы өткен жылдың қорытындысымен ретсіз сауданы болдырмау мақсатындағы рейдтік шаралар барысында тәртіпке көнбеген 37 азаматқа хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
Аудан әкімідігі тарапынан заңсыз сауда жасап жатқан саудагерлерге орталық базардағы «Жер ана» сауда қатарынан арнайы орындар да қарастырылып берілген.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі орталық базар аумағын ретке келтіру бойынша жауапты мекеме басшыларына полиция қызметімен бірлескен рейдтік шараларды жандандыруды тапсырып, қызыл сызыққа шыққан нысандарға Заң талаптарына сай шара қолдану керектігін ескертті.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі