ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШАҚПАҚ БАБА ЖӘНЕ АБАЙЫЛ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШАҚПАҚ БАБА ЖӘНЕ АБАЙЫЛ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Шақпақ және Жабағылы ауылдық округтерінде халық алдында есептік кездесуін өткізді.
Нұржан Жақсылықұлы ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен аудан және округтер кесіндісінде атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
Кездесу барысында шақпақтықтар тарапынан интернет, жол қауіпсіздігі, күре жол бойына аялдама салу, қоғамдық көлік жүруін қамтамасыз ету, жаңа құрылыс көшесіне жол салу сынды мәселелер көтерілсе, жабағылықтар медицина саласы мен Абайыл ауылының электр қуатын арттыру мақсатында жаңа желіге қосу сынды өтініштерімен аудан басшысына жүгініп, қанағаттанарлықтай жауап алды.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі әр көтерілген мәселе жоспарға енгізіліп, алдағы жұмыс жоспарына түзілетінін жеткізді. Сонымен қатар, басқосуларды пайдаланып, Нұржан Жақсылықұлы ауыл тұрғындарын ауыл-аймақтың тазалығына ат салысуға шақырды. Әр тұрғын өз есік алды мен ауласын тазалықта ұстаса, ауылының тазалығына үлкен үлес қосқан болар деді.
2024 жылдың 9 айында Шақпақ ауылдық округінде атқарылған жұмыстар ⬇️⬇️⬇️
✅ Шақпақ баба ауылында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға (29,5 га - 129 жер телімі) арналған инженерлік инфрақұрылым құрылысы келесі жылға өтпелі болып жүргізілуде;
✅ Шақпақ баба ауылында бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын «Шақпақ баба» дәрігерлік амбулаторияның (жобалық құны 312,8 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
✅ Шақпақ баба ауылындағы мәдениет үйін абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 9 айында Жабағылы ауылдық округінде атқарылған жұмыстар ⬇️⬇️⬇️
✅ Жабағылы ауылының ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары жүруде. Нысан келесі жылға өтпелі;
✅«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абайыл ауылындағы медициналық пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
✅«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жабағылы ауылы, Көрікті, Батылдық, Жартыбаев, Талдыбұлақ, Желтоқсан, Молдағұлова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
✅ Жабағылы ауылының Ә.Молдағұлова мектебі мен «Алтын-ұя» балабақшасының сыртын қаптау жұмыстары жүргізілді.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі