ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҰТ БАҒЫНЫҢ КӨЛЕМІ 12 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҰТ БАҒЫНЫҢ КӨЛЕМІ 12 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірде тұт шаруашылығын дамыту тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында жаңадан егілген тұт бағының көлемі 12 гектарға жетті.
Биыл сәуір айының басында Арыс ауылдық округіне қарасты «Нұрлан» шаруа қожалығы 5 гектар жер теліміне «Әндіжан Мархамат - 2017» атты тұт сортын отырғызса, дәл осы сортты Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Сапарғали» шаруа қожалығы 7 гектар алқапқа егіп отыр.
Мамандар, егілген бұл сорттың жапырағын жылына төрт рет жинауға болатындығын айтады. Агроқұрылымдардың негізгі мақсаты - тұт жапырағына құрт жіберіп, одан шыққан өнімді өткізу. Кейін өнімді «Қазақ жібек» бірлестігі агроқұрылымдардан сатып алады. Сонымен қатар, өнімді Шығыс Еуропа, Оңтүстік Корея және Қытай елдеріне сатуға болады. Өйткені мұндай тауарға аталған елдерде сұраныс өте жоғары.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі