Жыл санап барлық өнірлерде ағын су тапшылық мәселесі күрделеніп келеді. Бұл өз кезегінде дәстүрлі егіншілікпен айналысатын шаруаларға кедергі болып, өнімінің Азанычна әкеліп соғуда.
Осы орайда бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жиын өтті.
Басқосуға аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші шаруалар, ауыл әкімдері мен сала мамандары және Алматы қаласынан арнайы «ҚазАгроДаму» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды және алдағы жоспарларды баяндап, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Марат Сүгірәліұлының айтуынша биылғы жылы ауданда 900 гектар жерге су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланып отыр. Бұл бағытта 16 шаруашылықтың 22 егістік алқабы таңдалып алынған. Оның ішінде 55 гектары алма бауды тамшылатып суғару болса, 845 гектарын (708 гектар жоңышқаны, 137 гектар дәнді дақылдарды) жаңбырлатып суғару көзделіп отыр.
Сонымен қатар, жиында «ҚазАгроДаму» ЖШС-нің өкілдері шаруаларға өздерінің тамшылатып және жаңбырлатып суғаруға арналған техникаларын таныстырып, шаруалардың сауалдарына жауап берді.
Кездесуді қорытындылай келе, Нұржан Жақсылықұлы
«Ауыл шаруашылығы саласын барынша әртараптандыруымыз керек. Бүгінде көп шаруаларымыз дәстүрлі егіншілікпен айталысып келеді. Бұл өте тиімсіз. Сол себептен заманауи технологияларды барынша қолданып, суды үнемдей отырып, мол өнім алуға жұмыс жасауымыз керек»-деді.
Айта кетерлік, жаңа технологияларды енгізуге мемлекеттен субсидия қарастырылады. Аталған бағытта қызығушылық танытсаңыз аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне барып, толық ақпарат алуларыңызға болады.