"БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ" ӨТТІ

"БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ" ӨТТІ
Бүгін аудандық мәдениет үйінде "Еңбек күні" мерекесіне орай, аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі"өтті.
Іс-шараның мақсаты аудан аумағында орналасқан мекемелердегі бос орындарды жариялап, сол орындарға жұмысқа орналасамын деуші азаматтарға қолдау көрсету.
Жәрмеңкеге 46 жұмыс беруші мекемеден 140 бос жұмыс орындары туралы мәліметі ұсынылды. Бос жұмыс орындарының ішіндегі сұраныстың көп бөлігі білім саласы мен аудан аумағындағы кәсіпорындарға қатысты болды. Оның ішінде қазақ тілі және әдебиет, ағылшын тілі, математика және химия пәндерінің мұғалімдеріне вакансиялар бар.
"Еңбек күні" мерекесіне орайластырылған шарада, әр жұмысқа алушы мекеменің басшылары мен өкілдері келген тұрғындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндіріп, Мансап орталығының мамандары жұмыссыз азаматтарға мемлекеттен қарастырылған қолдау түрлерін насихаттады.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі