Зейнетақы жинақтарына салық салынатыны рас па? Неліктен мені зейнетақы жинақтарымнан салық төлеуге мәжбүр етеді?

Зейнетақы жинақтарына салық салынатыны рас па? Неліктен мені зейнетақы жинақтарымнан салық төлеуге мәжбүр етеді?

Жеке зейнетақы шотына аудару кезінде зейнетақы жарналарына табыс салығы салынбайтынын атап өткен жөн. Ал зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын кірістерге жатады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалу міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған төлемдердің барлық сомасынан 10% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте Кодексте зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде көзделген салықтық шегерімдері деп аталатын бірқатар түзетулер көзделген. Салық шегерімі дегеніміз - тиісті негіздер болған кезде салық базасы азайтылатын сома (салық төленетін табыс).

Мысалы, зейнеткерлік жас басталған кезде мұндай салық шегерімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін зейнетақы төлемі түрінде табыс есептелген күні қолданылатын 14 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Зейнетақы жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты төлем алатын адамдар үшін шегерімге жататын сома болса, онда желіге салық салынбайды, 168 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен қатар, алушылардың жекелеген санаттары бар, оларға күнтізбелік жыл үшін АЕК 882 еселенген мөлшерінде салық жеңілдіктері қолданылады. Оларға, мысалы, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, І, ІІ немесе ІІІ топтағы мүгедек адамдар, мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаушы отбасына қабылдаған асырап алушы ата-аналардың бірі және басқалар жатады.

Егер салымшы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу секілді баламалы мақсаттарға пайдалануды ұйғарса, онда БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстап қалу және аудару тәсілін өзі таңдай алады:

- біржолғы, біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру күнінен кешіктірмей;

- зейнетақы төлемдерін алу кезінде БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен.