Мен өмірден озып кеткеннен кейін жинақтарым жай ғана "күйіп кетеді" деп алаңдаймын. Ал оны жалғыз ұлыма қалдырғым келеді. Айтыңызшы, адам қайтыс болғаннан кейін зейнетақы жинақтары не болады?

Мен өмірден озып кеткеннен кейін  жинақтарым жай ғана "күйіп кетеді" деп алаңдаймын. Ал оны жалғыз ұлыма қалдырғым келеді. Айтыңызшы, адам қайтыс болғаннан кейін зейнетақы жинақтары не болады?

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның (бұдан әрі – заң) 31, 32 және 33-баптарында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады деп айқындалған.

          Бұдан басқа, заңның 50-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес алушы, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді, ол республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, бірақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

          Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

           Төлем түріне, оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне (өзі келгенде/пошта байланысы құралдары/үшінші тұлға арқылы жүгінген кезде) байланысты қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініштер бланкілері және төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхаттар үлгілері, БЖЗҚ-мен байланыстар Қордың мына мекен-жайы бойынша орналасқан: www.enpf.kz.