Уақытша қиындықтарға байланысты менің жұмыс берушім біраз уақыт жалақы төлемеді. Егер мен ресми түрде жалданып жұмыс жасасам, алдыңғы айларда өзіме міндетті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба? Мен алғым келетін несиені мақұлдағанды қалаймын.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшының агенті, яғни жұмыс беруші аудару арқылы төлейді. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай жеке тұлғалар ғана төлей алады:

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке нотариустар;

- жеке сот орындаушылары;

- адвокаттар;

- кәсіби медиаторлар;

-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Осылайша, егер сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатпасаңыз, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетінше толтыру мүмкін емес.