Сәлеметсіз бе! БЖЗҚ-да менің зейнетақым қалай қалыптасатынын түсіндіре аласыз ба? Барлық жинаған қаражатым маған бір рет төленеді ме?

Сәлеметсіз бе! БЖЗҚ-да менің зейнетақым қалай қалыптасатынын түсіндіре аласыз ба? Барлық жинаған қаражатым  маған бір рет төленеді ме?

Жеке зейнетақы шотында жинақталған жинақ зейнет жасы келген кезде бір рет төленбейді. Зейнеткерлер оларды кесте бойынша ай сайын мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерімен (базалық және ортақ зейнетақымен) бірге алады. БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен көзделген Әдістемеге сәйкес есептеледі.

Осы Әдістемеге сәйкес зейнеткерлікке шыққан бірінші жылы БЖЗҚ ай сайынғы төлемін есептеу келесідей болып табылады; Жеке зейнетақы шотындағы жинақ сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіледі – 6,5% және 12-ге бөлінеді.

Мысалы, 9 000 0000 теңге жинақталған. 9 000 000*6,5%= 585 000 теңге. Бұл  БЖЗҚ-дан  берілетін жылдық төлемдер сомасы. Біз оны 12 айға бөліп, аламыз: 585 000/12 ай.= 48 750 теңге.

Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға ұлғайтылатын болады.

Біржолғы Зейнетақы жинақтарын, егер алушының өтініш берген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана алуға болады (01.04.2022 жылдан бастап – 576 384,00 теңге = 12 * 48 032,00).