Әлеуметтік қызметкерлер-футбол алаңында

Әлеуметтік қызметкерлер-футбол алаңында
Салауатты өмір салтын насихаттау, жанның саулығын нығайту және қызметкерлер арасында достық қарым - қатынасты арттыру мақсатында, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен
“ кіші футболдан” облыстық жұмыспен қамту орталықтарының арасында турнир өткізілді.
Аталмыш турнирде 12 ауданнан командалар қатысты .
Турнир бекітілген ережеге сай өткізілді. Барлық ауданнан келген командалар тамаша ойын өрнегін көрсетіп, көрерменнің көңілінен шыға білді.
Жарыстың жеңімпаздары:
III - орын Басқарма және Түркістан командасы
II - орын Түлкібас ауданы
I - орын Арыс қаласы
Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен ойыншылар 6- номинация бойынша марапатталды.
Жарыс жүлдегерлерін Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Өмірбекұлы марапаттады.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа, аудан басшылары мен спортшылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айта кетті.
Келесі эстафеталық ойын Арыс қаласы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне жолданды.